Мазмұнға өту

Matin қосымшалары

Қай жерде жазсаңыз да, қатесіз.

Телефонда және браузерде Matin емле, жалғау, тыныс белгі қатесін жазған сәтте түзетеді. Word-та бүкіл құжатты бір батырмамен тексересіз.

Matin мобильді қосымшасы

Мәтінді түзету, жазу кеңістігі, ресми құжат телефонда. Ішінде қазақша пернетақта: хабарлама, пошта, әлеуметтік желі — қай жерде жазсаңыз да, қатені өзі түзетеді.

Word плагині

Құжатты Word-тан шықпай тексереді. Қаласаңыз, түзетулер Word-тың түзету белгісімен түседі.

Chrome кеңейтімі

Хабарлама, пошта, әлеуметтік желі — браузердегі кез келген жазу өрісінде. Edge-те де жұмыс істейді.

Жақында

iPhone және iPad

Android-тағы сияқты: пернетақта қатені жазған сәтте түзетеді.

Жақында

Күнде жазатын жерлеріңізде

ХабарламаПоштаӘлеуметтік желіWord құжатыSMSПікір

Шешім — сіздікі

Анық қатені Matin өзі түзетеді, күмәнді жерді сізге қалдырады. Әр түзетуді қайтаруға болады.

Тек қазақ тіліне жасалған

Ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і әріптері, жалғау, тыныс белгі — бәрі қазақ тілінің ережесімен тексеріледі.

Мәтініңіз қорғаулы

Мәтін тек тексеру үшін жіберіледі. Құпия сөз, пошта өрістерінен Matin ештеңе оқымайды. Word-та келісім берсеңіз ғана түзеткен кейбір сөйлемдер Matin-ді жақсартуға сақталады.

Сұрақтар

Тегін бе?

Иә. Емле, грамматика, тыныс белгіні тексеру күніне 25 бетке дейін тегін. Сайтта да, қосымшаларда да бір аккаунтпен кіресіз.

Қосымшаларды қайдан орнатамын?

Matin мобильді қосымшасын (Android) Google Play-ден орнатасыз. iPhone нұсқасы жақында. Word плагинін осы сайттан орнатасыз.

Chrome кеңейтімін қалай орнатамын?

Жоғарыдағы «Chrome-ға орнату» батырмасын басыңыз, Chrome дүкенінде «Chrome-ға қосу» деңіз. Сосын matin.kz/extension бетінде аккаунтыңызбен байланыстырасыз. Edge-те де жұмыс істейді.

iPhone-ға қашан?

Жақында. Қазір iPhone-да matin.kz сайтында жаза аласыз.

Толығырақ: құпиялылық саясаты