Мазмұнға өту

Мақала мен диссертацияға арналған жұмыс кеңістігі

Мәтініңізді жазыңыз, тілін түзетіңіз. Әдебиеттер тізімін реттеп, ресімдеу талаптарын тексеріңіз.

Ғылыми жұмысыңызға қажет құралдар

  • Мәтін сіздікі, түпнұсқа

    Matin жазып бермейді: мәтінді өзіңіз жазасыз, ол түзетеді және кеңес береді. Авторлық есеп әр сөздің кімдікі екенін көрсетеді. ЖИ қолданғаныңыз туралы мәлімдеме дайын тұрады.

  • Диссертация талаптары

    Университетіңізді таңдаңыз: Кеңесші сол университеттің магистрлік не докторлық диссертация талабымен кеңес береді. Құрылымы, көлемі, ресімдеуі, сілтеме стилі. Ұлттық талап та ескеріледі.

  • Жарияланымдар

    Жарияланымдарыңызды енгізіңіз: Matin PhD қорғауға, доцент не профессор атағына дейін не жетпейтінін №127 және №128 бұйрықтың талабымен есептейді. Атақ ісіне керек анықтама мен жарияланымдар тізімін Word нысанында дайындайды.

  • Журнал талаптары

    Журналды таңдаңыз. Мақаланың көлемін, аңдатпасын, кілт сөздерін және бөлімдерін тексеріңіз. 170+ ККСОН журналының талабы.

  • Әдебиеттер тізімі

    Дереккөздерді APA 7, ГОСТ 7.1 немесе Vancouver үлгісімен рәсімдеңіз. Дайын тізімді қолданар алдында тексеріңіз.

  • ККСОН тізімі

    Журналдың тізімде бар-жоғын және қай ғылыми бағытқа кіретінін көріңіз.

  • Бөлімдерді салыстыру

    Қайталанған үзінділер мен сілтемесі көрсетілмеген тұжырымдарды анықтаңыз.

  • Нормоконтроль

    Word құжатының жиегін, қарпін, жол аралығын және бет нөмірін талаппен салыстырыңыз.

  • Емле мен стиль

    Қатені түзетіп, сөйлемдерді жатық етіңіз. Ұсыныстарды өзіңіз таңдаңыз.

Келесі ғылыми жұмысыңызды осы жерден бастаңыз

Жұмысты бастау →

Жиі қойылатын сұрақтар

Matin жұмысты менің орныма жаза ма?

Жоқ. Мәтінді өзіңіз жазасыз, сондықтан ол түпнұсқа болып қалады. Matin талаптарды тексеруге, әдебиеттерді рәсімдеуге және мәтінді түзетуге көмектеседі. Авторлық есеп өзіңіз жазған, сырттан қойылған және Кеңесшіден алынған сөзді бөлек санайды.

Диссертациямен жұмыс істеуге бола ма?

Иә. Университетіңізді таңдасаңыз, Кеңесші сол университеттің диссертация талабын ескеріп кеңес береді: құрылымы, көлемі, ресімдеуі, сілтеме стилі. Университет бір рет таңдалады, келесі жұмыстарда өзі толады. Тараулармен жазып, бөлімдерді салыстырып, әдебиеттер тізімін рәсімдей аласыз.

Журналым каталогта болмаса ше?

Талаптарын өзіңіз енгізіңіз. Matin сол талаптар бойынша тексереді.

Нормоконтрольді қалай қолданамын?

Нормоконтроль бетін ашып, Word файлын жүктеңіз. Тіркелу қажет емес.

Қай құралдар тегін?

Нормоконтроль тегін. Қалған мүмкіндіктердің шарттары Тарифтер бетінде көрсетілген.

Дереккөздер тізімін басқа бағдарламадан әкеле аламын ба?

Иә. Zotero-дан экспортталған BibTeX немесе CSL JSON файлын пайдалануға болады.