Мазмұнға өту

Құрал · тегін

Мәтініңіз қандай жағдайда?

Мәтінді қойыңыз не Word, PDF файлын жүктеңіз. Бір минутта қате деңгейін, ең көп түзетілетін жерді және журналға дайындықты көресіз.

Тегін · тіркелу керек емес · мәтіннің басындағы шамамен 3 000 таңба тексеріледі

Жиі қойылатын сұрақтар

Не тексеріледі?

Емле, грамматика және тыныс белгі — Корректормен. Стиль бойынша Редактордың бірнеше ұсынысы бөлек көрсетіледі. Одан бөлек мәтіннің оқылуы, бір атаудың әртүрлі жазылуы және журнал талаптарына жақындығы санап шығарылады.

«Деңгей» қалай есептеледі?

1 000 сөзге келетін қате саны бойынша: 5-тен аз — таза, 5–25 — түзету керек, 25-тен көп — көп түзету керек. Қысқа мәтін әділ бағалансын деп 300 сөзден кем саналмайды. Есеп нәтиженің астында «Қалай есептелді?» деген жерде тұр.

Неге тек басы тексеріледі?

Тегін нұсқада мәтіннің басындағы шамамен 3 000 таңба (бір жарым бет) Корректордан өтеді. Қалған бөлігіндегі қате саны осы бөлікке қарап шамаланады, бұл болжам екені жазылып тұрады. Тіркелсеңіз, бүкіл құжатты түзете аласыз.

Мәтінім қайда кетеді?

Тексерілетін бөлігі Корректорға жіберіледі және оның нәтижесі ғана қайтады; мәтін сақталмайды. Оқылуы, атаулар мен журнал бөлігі браузеріңізде есептеледі.

Word файлы не береді?

Мәтініңіз өзгертілмейді: әр қате жерге Word-тың түсініктемесі қойылады («қалай жазылған → қалай болуы керек, себебі»). Керегін өзіңіз не редакторыңыз қабылдайды.