Құрал · тегін
Кириллицадан латын әліпбиіне көшіру
Кириллицадағы қазақ мәтінін қойыңыз немесе бүкіл Word файлын жүктеңіз. Латын әліпбиіндегі нұсқасы бірден шығады. Тіркелу керек емес.
Бүкіл файлды көшіру
Word (.docx) файлын таңдаңыз. Қаріп, кесте, сурет, тақырыптар өзгермейді, тек әріптер латынға ауысады. Файл құрылғыңыздан шықпайды.
2021 жылғы жетілдірілген әліпби (ä, ö, ü, ū, ğ, ñ, ş, ı). Әлі ресми бекітілмеген, бірақ 2021 жылы жарияланған нұсқа.
Жиі қойылатын сұрақтар
Латын әліпбиі бекітілді ме?
Жоқ. Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы маусымда әліпби әлі бекітілмегенін, Президент тапсырмасымен жетілдіріліп жатқанын айтты. Құрал 2021 жылы жарияланған жетілдірілген жобаға сүйенеді. Әліпби бекітілген соң құралды жаңартамыз.
Мәтінім қайда кетеді?
Ешқайда. Аудару браузеріңіздің ішінде жүреді, мәтін серверге жіберілмейді және сақталмайды.
Файлдың пішімі сақтала ма?
Иә. Word файлында тек әріптер ауысады: қаріп, қалың не көлбеу жазу, кесте, сурет, тізім, беттің жоғарғы және төменгі жазуы, сілтемелер орнында қалады. Ескі .doc файлын алдымен Word-та .docx етіп сақтаңыз. PDF файлды көшірмейміз, себебі оның беті бұзылады.
Неге латыннан кириллицаға кері көшіру жоқ?
Латын жазуында бірнеше әріп бір дыбысқа ортақ болып, кері көшіргенде қате көп шығады. Дұрыс нәтиже бере алмайтын нәрсені ұсынбаймыз.
Нәтижені тексеру керек пе?
Иә, ресми құжатқа салар алдында көз жүгіртіңіз. Құрал мәтінді жазылғанындай әріпке көшіреді. Орыс тілінен енген сөздердің емлесін қайта түзетпейді, мысалы «Россия» сөзін «Rossia» деп береді.