Қызмет көрсету туралы жария оферта
«Matin AI» ЖШС (БСН 260840025204) (бұдан әрі — Орындаушы) осы жария офертаны (бұдан әрі — Оферта) Matin платформасы (matin.kz) арқылы ақылы қызмет көрсету туралы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — Тапсырыс беруші) ұсыныс ретінде жариялайды.
1. Жалпы ережелер
1.1. Оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395, 396 және 447-баптарына сәйкес жарияланған.
1.2. Акцепт — Тапсырыс берушінің сайтта тарифті таңдап, шарттармен келісуі және төлем жасауы. Акцепт сәтінен бастап Оферта Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасындағы қызмет көрсету шарты болып саналады.
1.3. Тапсырыс беруші Оферта шарттарымен толық және ешбір ерекшеліксіз келісетінін растайды.
1.4. Оферта мен оған енгізілген барлық өзгерістер matin.kz/oferta бетінде жарияланады. Платформаны пайдалану тәртібі Пайдалану шарттарында жазылған.
2. Қызмет
2.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Matin платформасының ақылы мүмкіндіктеріне таңдалған мерзімге қолжетім береді: қазақ тіліндегі мәтінді тексеру (Корректор), мәтінді жатықтау (Редактор), мәтін жазуға көмек (Кеңесші) және ресми құжат дайындау.
2.2. Тарифтер, әр тарифке кіретін мүмкіндіктер мен лимиттер «Баға» бетінде көрсетілген.
2.3. Қызмет жасанды интеллект арқылы көрсетіледі. Ұсыныстар әрдайым толық дұрыс бола бермейді; мәтінге қандай өзгеріс енгізуді Тапсырыс берушінің өзі шешеді.
3. Баға және төлем
3.1. Барлық баға Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетілген: Апталық — 990 ₸ / 7 күн, Pro — 2 490 ₸ / ай, Pro жылдық — 19 900 ₸ / жыл, Автор — 4 990 ₸ / ай, Автор жылдық — 39 900 ₸ / жыл, Ұйымдарға — 2 490 ₸ / адам · ай (бір адамнан бастап). Тегін тарифте Кеңесшінің ЖИ әрекеттері кредитпен есептеледі: тіркелгенде 10 000 кредит, әр айдың 1-інде 3 000 кредит қосылады; ақылы тарифте айына белгілі ЖИ әрекеті беріледі (Pro — 1 000, Автор — 2 000, Ұйымдарға — әр адамға 1 000, ұйым ішінде ортақ; ұзақ әрекет 3–5 әрекет болып саналады). Ақылы тарифтің айлық әрекеті тариф төленген күннен бастап ай сайын жаңарады. Айлық әрекет таусылса, қосымша пакет алуға болады: 500 әрекет — 1 490 ₸, 2 000 әрекет — 4 990 ₸; пакет 12 ай жарамды, ұйымда ортақ, айлық әрекет таусылғаннан кейін жұмсалады.
3.2. Орындаушы сайттағы бағаны бір жақты өзгерте алады. Тапсырыс беруші төлеп қойған мерзімнің бағасы өзгермейді.
3.3. Төлем банк картасымен (Visa, Mastercard) FreedomPay-дің қорғалған төлем бетінде жасалады. Карта деректері Matin-де сақталмайды. Ұйымдар шот бойынша банктік аударыммен төлей алады. Толығырақ: Төлем және ақшаны қайтару.
3.4. Тапсырыс берушінің төлеу міндеті ақша Орындаушының есеп шотына түскен сәтте орындалды деп саналады.
3.5. Автоматты төлем жоқ: мерзім біткенде ақша өзі алынбайды.
4. Қызметті көрсету тәртібі мен мерзімі
4.1. Қызмет электронды түрде көрсетіледі, тауар жеткізілмейді. Тариф төлем расталған бойда Тапсырыс берушінің аккаунтында ашылады, әдетте бірнеше минутта. Мерзім төлем расталған күннен басталады.
4.2. Мерзім біткенде аккаунт тегін тарифке ауысады. Құжаттар мен мәтіндер аккаунтта сақталады.
4.3. Платформада техникалық жұмыс не ақау болса, Орындаушы оны мүмкіндігінше тез жояды. Ақау салдарынан ақылы мүмкіндіктер қатарынан 3 тәуліктен артық істемесе, Орындаушы мерзімді сонша күнге ұзартады.
5. Ақшаны қайтару
5.1. Pro, Pro жылдық, Автор және Автор жылдық: төлем жасалғаннан кейін 7 күн ішінде өтініш берсеңіз, ақша пайдаланылмаған ЖИ әрекетінің үлесіне қарай қайтарылады (мысалы, 1 000 әрекеттің 200-і жұмсалса — сомның 80 пайызы). Бірде-бір әрекет жұмсалмаса, ақша толық қайтарылады. Емле, грамматика, тыныс белгіні тексеру ЖИ әрекеті болып саналмайды.
5.2. Pro жылдық және Автор жылдық: 7 күннен кейін өтініш берсеңіз, пайдаланылмаған толық айлар үшін ақша сол айлардың үлесіне қарай қайтарылады.
5.3. Апталық: төлемнен кейін ақылы мүмкіндіктер пайдаланылмаса, ақша толық қайтарылады.
5.4. Ұйымдарға: қайтару тәртібі ұйыммен жасалған шартта көрсетіледі.
5.5. Қосымша ЖИ әрекеті пакеті: бірде-бір әрекеті жұмсалмаса, төлемнен кейін 7 күн ішінде толық қайтарылады. Әрекеті жұмсалған пакет қайтарылмайды.
5.6. Қайтару үшін info@matin.kz поштасына не WhatsApp (+7 707 130 19 89) нөміріне өтініш жіберіңіз: аты-жөніңізді, аккаунттың электрондық поштасын және төлем күнін көрсетіңіз. Ақша төлем жасалған банк картасына өтініш алынған күннен бастап 21 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Қолма-қол ақшамен қайтарылмайды; тәртіп Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
5.7. Басқа жағдайларда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
6.2. Орындаушы AI ұсыныстарының толық дұрыстығына кепілдік бермейді. Дайын мәтін мен құжаттың мазмұнына Тапсырыс берушінің өзі жауап береді.
6.3. Тапсырыс беруші платформаға жүктейтін мәтіннің заңдылығына және үшінші тұлғалардың құқығын бұзбайтынына өзі жауап береді.
6.4. Еңсерілмейтін күш жағдайлары әрекет еткен кезеңде тараптар міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
7. Дербес деректер
Тапсырыс берушінің дербес деректері мен мәтіндері Құпиялылық саясатына сәйкес өңделеді.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Оферта акцепт сәтінен бастап күшіне енеді және тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
8.2. Орындаушы тарифтер мен мүмкіндіктерді өзгертуге, жаңа тариф қосуға құқылы.
8.3. Даулар алдымен келіссөз арқылы шешіледі. Келісімге келмесе, тараптар Орындаушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының сотына жүгінеді.
9. «Сауат» — балаларға арналған қызмет
9.1. «Сауат» (sauat.matin.kz) — балаларға қазақ тілінде сауатты жазуды ойын арқылы үйрететін жаттығу. Тегін бөлігін тіркелусіз қолдануға болады. Құрылғыда алғаш ашылған күннен бастап 14 күн бойы барлық мүмкіндік тегін.
9.2. Ақылы тарифті тек кәмелетке толған адам (ата-ана не заңды өкіл) өз Matin аккаунты арқылы сатып алады. Баға: «Бала» — 990 ₸ / ай не 7 900 ₸ / жыл (бір құрылғы); «Отбасы» — 1 490 ₸ / ай не 9 900 ₸ / жыл (төрт құрылғыға дейін).
9.3. «Сауат» тарифі автоматты түрде ұзартылмайды: мерзімі біткен соң Тапсырыс берушінің келісімінсіз ақша алынбайды.
9.4. Ақшаны қайтару: төлемнен кейін 7 күн ішінде өтініш берсеңіз, ақша толық қайтарылады. Жылдық тарифте 7 күннен кейін пайдаланылмаған толық айлар үшін ақша сол айлардың үлесіне қарай қайтарылады. Өтініш беру тәртібі — 5.6-тармақта.
9.5. Ақылы тарифтегі бала ойын ішінде басқа балалардан артықшылық алмайды: тариф тек үйдегі сабақ санының шегін алып тастайды. Сыныптағы тапсырмалар мен мұғалімнің құралдары тегін.
9.6. Сынып ашқан мұғалім оқушылардың ата-аналарынан баланың атын платформада қолдануға келісім алуға, баланың атынан басқа дерек енгізбеуге және баланың тапсырмасына жазатын пікірінде баланың жеке деректерін көрсетпеуге міндетті.
9.7. «Сауат» мектептегі сабақ пен мұғалімнің орнын баспайды. Жасанды интеллект беретін кеңес әрдайым толық дұрыс бола бермейді.
9.8. Баланың дербес деректерін өңдеу тәртібі Құпиялылық саясатының 1.9-бөлімінде көрсетілген.
10. Орындаушының деректемелері
- Атауы: «Matin AI» ЖШС
- БСН: 260840025204
- ИИК (теңге): KZ94551Z600008390446
- Банк: «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, БСК KSNVKZKA
- Кбе: 17
- Пошта: info@matin.kz
- Телефон: +7 707 130 19 89 (WhatsApp)