Төлем тәртібі және ақшаны қайтару
Банк карталарымен төлем FreedomPay арқылы жүргізіледі. Visa және Mastercard карталары қабылданады.
Төлем FreedomPay-дің қорғалған бетінде өтедіИнтернеттегі төлем Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сай, құпиялылық пен қауіпсіздік қағидаттарын сақтап жүргізіледі: деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналарымен жіберудің заманауи тәсілдері қолданылады. Банк картасының деректері FreedomPay-дің қорғалған төлем бетінде енгізіледі.
Төлем қалай жасалады
- «Тарифтер» бетінде «Pro тарифін алу» батырмасын басасыз. Апталық не жылдық мерзім керек болса, «Басқа мерзімдер» блогындағы «Таңдау» батырмасын басыңыз.
- Мерзімді таңдап, «Таңдау» батырмасын басасыз. Оферта мен құпиялылық саясатымен келісетін белгіні қойып, «Картамен төлеу» батырмасын басасыз. Кірмеген болсаңыз, алдымен кіресіз, сосын осы бетке қайта ораласыз.
- FreedomPay беті ашылады. Онда карта нөмірін, карта иесінің атын, жарамдылық мерзімін және үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2, Mastercard үшін CVC2) енгізесіз. Бұл деректердің бәрі картада жазулы. Қауіпсіздік коды — картаның артқы жағындағы үш сан.
- Содан кейін банкіңіздің бетіне өтіп, SMS-пен келген 3-D Secure кодын енгізесіз. Код келмесе, картаны шығарған банкке хабарласыңыз.
- Төлем расталған соң тариф аккаунтыңызда бірнеше минутта ашылады.
Төлем өтпеуі мүмкін жағдайлар
- банк картасы интернеттегі төлемге арналмаған (бұны өз банкіңізден білуге болады);
- картада төлемге қаражат жеткіліксіз;
- карта деректері қате енгізілген;
- картаның жарамдылық мерзімі өтіп кеткен (мерзім картаның бетінде жазулы: ай және жыл).
Қауіпсіздік
Сіз берген жеке ақпарат (аты-жөні, телефон, пошта, банк картасының нөмірі) құпия болып саналады және жария етілмейді. Карта деректері тек шифрланған түрде беріледі және Matin серверінде сақталмайды.
Қызметті қалай аласыз
Қызмет электронды түрде көрсетіледі, тауар жеткізілмейді. Ұйымдарға арналған тарифке шот info@matin.kz арқылы беріледі.
- Тариф төлем расталған бойда аккаунтыңызда ашылады, әдетте бірнеше минутта.
- Мерзім төлем расталған күннен басталады. Мерзім біткенде аккаунт тегін тарифке ауысады.
- Автоматты төлем жоқ: мерзім біткенде ақша өзі алынбайды.
Ақшаны қайтару
- Банк картасымен төленген ақша қолма-қол қайтарылмайды. Қайтарым төлем жасалған картаға жүргізіледі; тәртіп Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
- Pro, Pro жылдық, Автор және Автор жылдық: төлемнен кейін 7 күн ішінде өтініш берсеңіз, ақша пайдаланылмаған ЖИ әрекетінің үлесіне қарай қайтарылады. Мысалы, Pro тарифінде 1 000 әрекеттің 200-і жұмсалса, сомның 80 пайызы қайтарылады. Бірде-бір әрекет жұмсалмаса, ақша толық қайтарылады. Емле, грамматика, тыныс белгіні тексеру ЖИ әрекеті болып саналмайды.
- Қосымша ЖИ әрекеті пакеті: бірде-бір әрекеті жұмсалмаса, 7 күн ішінде толық қайтарылады. Әрекеті жұмсалған пакет қайтарылмайды.
- Pro жылдық және Автор жылдық: 7 күннен кейін пайдаланылмаған толық айлар үшін ақша сол айлардың үлесіне қарай қайтарылады.
- Апталық: төлемнен кейін ақылы мүмкіндіктер пайдаланылмаса, ақша толық қайтарылады.
- Қайтару үшін info@matin.kz поштасына не WhatsApp (+7 707 130 19 89) нөміріне өтініш жіберіңіз: аты-жөніңізді, аккаунттың поштасын және төлем күнін көрсетіңіз.
- Ақша өтініш алынған күннен бастап 21 жұмыс күні ішінде картаға қайтарылады. Мерзім жұмыс күнімен есептеледі, мереке және демалыс күндері есепке алынбайды.
- Қателікпен жасалған төлем болса (қате не қайталанған ақша алу), сол өтінішке түбіртекті немесе төлем туралы SMS-ті қоса жіберіңіз. Қайтарылатын сома төлем сомасына тең болады.
Байланыс
Төлемге және сайттың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша: info@matin.kz, +7 707 130 19 89 (WhatsApp).
Толық шарттар: Жария оферта, Пайдалану шарттары, Құпиялылық саясаты.