Мазмұнға өту

Құрал · тегін

Кітапты беттеу

Мәтінді енгізіңіз, үлгіні таңдаңыз — Matin қазақ тілінің тасымал ережесімен беттеп, мазмұны мен бет нөмірі бар PDF жасайды. Беттеп көру мен PDF үшін тегін тіркеліңіз.

  1. 1-қадамМәтінді енгізіңізТарау-тарау жазыңыз не Word, .txt файлынан алыңыз.
  2. 2-қадамПішім таңдаңызБет өлшемі мен қаріпті таңдаңыз.
  3. 3-қадамБеттеп көріңізТасымал, мазмұн, бет нөмірі өзі қойылады.
  4. 4-қадамPDF жүктеңізҚажет болса, ISBN алуға керек құжаттарды да дайындаңыз.
1 тарау · 0 сөз · оқуға ≈ 1 мин

Қалың: **сөз**. Курсив: *сөз*. Ішкі тақырып: жол басында ##. Тізім: жол басында сызықша (кемінде екі жол). Дәйексөз: жол басында >. Ескертпе: ^[мәтін]. Көрініс үзілісі: ---. Сурет: [сурет 1: жазуы] (Word-тан алғанда өзі қойылады).

Арнау, эпиграф, автор туралы
Кітаптың келбеті

Кітап түріне не оқырманға сай үлгіні таңдаңыз. Қаріп пен өлшемін кейін өзгертуге болады.

Сақталған дизайндар

Беттеп көру

Бірінші тарауды жазып біткен соң «Беттеп көру» батырмасын басыңыз: кітабыңыз сіз таңдаған үлгімен қалай көрінетінін бірден көресіз. Қазір таңдалған үлгі: Классикалық проза.

Үзіндімен бөлісу

Оқырманға кітаптың беттелген үзіндісін жіберіңіз: PDF файлмен не оқу сілтемесімен. Сілтемені телефоннан бірден ашады, ал сіз оның неше рет ашылғанын көресіз.

Алдымен тарауға мәтін жазыңыз.

Басуға бермес бұрын тексеру

  • Қате: Кітаптың атауы жазылмаған.
  • Қате: Автордың аты жазылмаған.
  • Қате: Бірде-бір тарауда мәтін жоқ.
  • Кеңес: ISBN жоқ. Сатуға не кітапханаға тапсыруға ISBN керек (isbn.kz арқылы алынады).
  • Кеңес: ӘОЖ/КБЖ көрсетілмеген. Баспа беті үшін кітапхана индексін қосуға болады.
  • Кеңес: Баспа не жеке автор аты көрсетілмеген.
Атауын, авторын және кемінде бір тараудың мәтінін жазыңыз.

Мұқаба

Түсі

8 бет (болжам: нақты саны PDF жасалғанда не баспаханаға жібергенде қойылады), омыртқасы ≈ 0,4 мм — жұқа, сондықтан омыртқаға жазу жазылмайды. Артқы бетке «ISBN алуға дайындау» бөліміндегі аңдатпа мен ISBN шығады — ISBN әлі жоқ, штрихкод кейін қосылады.

Өзіндік суретті мұқаба керек болса — мұқаба дизайнеріне тапсыра аласыз.

ISBN алуға дайындау

isbn.kz өтінімі үшін титул беті мен кітап туралы бет (оның арт жағы) бір PDF болып жүктеледі, сонымен қатар кітап атауы, авторы, аңдатпасы жазылады. Мына өрістерді толтырыңыз: Matin isbn.kz үлгілеріндегідей PDF жасап, өтінімге көшіретін деректерді анкета етіп береді.

Библиографиялық сипаттама (кітап туралы бетке өздігінен қойылады)

. – 2026.

Өзім жазамын
  • ✗ Жетіспейді: Кітаптың атауы
  • ✗ Жетіспейді: Автордың аты-жөні
  • ✗ Жетіспейді: Басылым түрі немесе жанры (роман, әңгімелер жинағы, оқу құралы)
  • ✗ Жетіспейді: Аңдатпа
  • ✓ Шыққан жылы
  • ✗ Жетіспейді: Шыққан қаласы
  • ✗ Жетіспейді: Баспа атауы (жеке автор болса, өз атыңыз)
  • ✗ Жетіспейді: Бет саны (PDF жасасаңыз, өздігінен толады)
  • ○ Қалауыңызша: Пікір берушілер (тек оқулық, ғылыми кітапқа керек)
  • ○ Қалауыңызша: Авторлық белгі (міндетті емес: оны кітапхана классификаторынан таңдайды)
  1. isbn.kz сайтында тіркелесіз (баспа не жеке тұлға деректері керек).
  2. «Мои издания» бөлімінде кітап деректерін көшіріп, титул мен кітап туралы бет PDF-ін жүктейсіз.
  3. Төлемді жасап, түбіртекті тіркейсіз. Бағасын isbn.kz сайтынан қараңыз.
  4. ISBN, ӘОЖ, КБЖ келген соң, оларды төмендегі «Баспа деректеріне» жазып, кітапты қайта беттейсіз.

Әр форматқа (қағаз кітап, EPUB) бөлек ISBN керек. Сайттағы шарттар өзгеруі мүмкін: өтініш алдында isbn.kz-тан тексеріңіз.

Баспа деректері (кітап туралы бет пен соңғы бет)

Бәрі міндетті емес. Жолдар СТ РК 2383-2013 бойынша isbn.kz үлгілеріндегідей орналасады; ISBN, ӘОЖ, КБЖ нөмірін isbn.kz өтінімді қабылдаған соң береді. Басқа жолдарды баспамен нақтылаңыз.

Қаріптер (PT Serif, Literata, Noto Serif, Lora, Source Serif 4, Merriweather, PT Sans) — SIL Open Font License бойынша ашық.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл PDF-ті баспаханаға апаруға бола ма?

Мәтіннің беттелуі дайын: тасымал, мазмұн, колонтитул, бет нөмірі. Бірақ мұқабаны бөлек жасау керек. Баспаның өз талабы (түс режимі, кесу шеті) болуы мүмкін, сондықтан алдымен баспамен келісіңіз.

ISBN алуға қалай көмектесесіз?

ISBN-ді isbn.kz береді, біз оны бермейміз. Бірақ өтінімге керек титул беті мен кітап туралы бетті isbn.kz үлгісіндегідей PDF етіп, кітап туралы деректерді (атауы, авторы, аңдатпасы, библиографиялық сипаттама) өтінімге көшіруге дайын анкета етіп береміз. Тариф пен мерзімді isbn.kz сайтынан тексеріңіз.

EPUB не үшін керек?

Электронды кітап ретінде телефонда, планшетте не оқу құрылғысында оқу үшін. Онда бет өлшемі тұрақты емес, мәтін экранға қарай ыңғайланады. Басып шығару үшін PDF қолданыңыз.

Қандай пішімдер бар?

Бес пішім бар: 60×84/16 (145×200 мм), 84×108/32, A5, 70×100/16 және A4. Классикалық проза, заманауи, ғылыми, ықшам, өлең жинағы, балаларға, үлкен қаріп үлгілері, сондай-ақ ДСМ-124 гигиеналық талабына сай мектеп оқулығының төрт үлгісі бар (1-сынып, 2–4, 5–9 және 10–11-сынып). Жеті қаріп таңдауға болады. Қаріптердің бәрінде қазақ әріптері бар.

Тасымал қалай қойылады?

Сыздық Р. «Қазақ тілінің анықтағышындағы» ереже бойынша буынға бөлінеді. Жалқы есімдер мен инициал бөлінбейді. Нәтижені PDF-те қарап шығыңыз, қате көрсеңіз бізге жазыңыз.

Мәтінім қайда сақталады?

Жазғаныңыз осы браузерде сақталады. PDF жасағанда мәтін серверге жіберіледі, бірақ сақталмайды. Тек «Баспаханаға жіберу» (30 күн) мен «Оқу сілтемесі» (90 күн) файлды серверде уақытша сақтайды.